Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын жариялады. Негізгі басымдықтар — цифрлық трансформацияны жеделдету, Жасанды интеллект пен цифрлық даму министрлігін құру, сондай-ақ Цифрлық кодекс әзірлеу. Сыртқы саясат бөлігінде елдің халықаралық аренадағы беделін нығайту және жаһандық бастамаларға қатысу мәселелері қозғалды.
Президент ерекше назарды білім беру саласына аударды. Ол жасанды интеллектті оқытуды мектеп қабырғасынан бастау қажеттігін атап өтті. Президенттің Жолдауы білім беру жүйесі үшін де, мектепке дейінгі тәрбие саласындағы біз үшін де айрықша маңызға ие болды. Цифрлық трансформация бағыты мен Жасанды интеллект министрлігінің құрылуы еліміздің болашақты бүгіннен бастап дайындап жатқанын көрсетеді.
Әсіресе Президенттің жасанды интеллектті ерте жастан оқыту қажеттігін атап өткені маңызды. Егер мектептерде арнайы оқулықтар мен бағдарламалар жасалатын болса, біз, тәрбиешілер, ойын мен шығармашылық арқылы тәрбиеленушілерімізді жаңа білім әлеміне дайындау жолдарын ойластыруымыз керек.
Біздің «Балдәурен» балабақшасында шынайы STEM зертханасы жабдықталған. Біз мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетіне жасанды интеллект элементтері бар ойындық тәжірибелерді енгізуге тырысамыз. Оқытудағы жасанды интеллект баланың тілін, қиялын дамытады, заманауи технологиялармен қауіпсіз әрі саналы жұмыс істеуге үйретеді.
Жолдау бізге сенім береді: Қазақстан болашақ ұрпаққа басымдық беріп отыр, демек, мектепке дейінгі білім беру балаларды цифрлық қоғамдағы өмірге дайындаудың алғашқы сатысы болуы тиіс.
Сегодня Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев озвучил Послание народу. Главные акценты — ускорение цифровой трансформации, создание Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития, а также разработка Цифрового кодекса. Внешнеполитическая часть касалась укрепления позиций страны на международной арене и участия в глобальных инициативах.
Особое внимание Президент уделил образованию. Он подчеркнул, что изучение искусственного интеллекта должно начинаться со школьной скамьи. Послание Президента стало знаковым и для системы образования, и для нас, педагогов дошкольной сферы. Курс на цифровую трансформацию и создание Министерства искусственного интеллекта показывает: страна готовит будущее уже сегодня.
Особенно важно, что Президент отметил необходимость раннего изучения искусственного интеллекта. Если в школах будут разработаны специальные учебники и программы, то мы, воспитатели, должны подумать о том, как через игру и творчество подготовить наших воспитанников к этому новому миру знаний.
В нашем детском саду "Балдәурен" оборудована настоящая STEM лаборатория. Мы стараемся включать в деятельность дошкольников игровые практики с ИИ. ИИ в обучении развивает речь и воображение, учит работать с современными технологиями безопасно и осознанно.






