«Балдәуренде» шаттық пен шабыты мол күн! Бүгін біздің балабақшада ерекше атмосфера орнады — бізге қонаққа жолдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қорғайтын нағыз мамандар, СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері келді!
Олар балаларға жол жүру ережелері, көшедегі сақтық пен қауіпсіз тәртіп туралы қызықты әрі көңілді ойын түрінде әңгімелеп берді. Балдырғандар үлкен қызығушылықпен сұрақтарға жауап беріп, полицейдің фуражкасын киіп көріп, қызметтік көлікті тамашалап, өз білімдерімен бөлісті. Полиция майоры А.Е.Жамуковке, батальон инспекторы Ж.А.Коржубаевқа, және полиция капитаны А.Е.Саутпековаға өте қызықты және маңызды кездесу үшін алғысымызды білдіреміз.
Сонымен қатар, біздің кішкентай өнертапқыштар да қонақтарды таңғалдырды — олар EVI-3 және МВООТ платформаларында құрастырылған роботтар арқылы ЖҚЕ-ні (жол қозғалысы ережелерін) қалай үйренуге болатынын көрсетті! Планшеттен немесе пульттен басқарып, балалар өздерінің шағын қалашығының көшелерімен көліктерді «жүргізіп», жол ережелерін қайталады.
Бұл бұл ғана емес! Тәрбиеленушілер ActivInspire қосымшасындағы цифрлық ойында да үлкен қызығушылықпен қатысып, заманауи әрі көңілді түрде білім алды! Мұндай күн балалардың есінде ұзақ сақталатыны сөзсіз!
Қамқорлықтарыңыз, назарларыңыз және пайдалы тәжірибелеріңіз үшін қадірлі қонақтарымызға алғыс айтамыз!
Сегодняшний день в детском саду «Балдәурен» был наполнен яркими впечатлениями и полезными знаниями! В предверии Дня конституции
мы с радостью приняли у себя гостей — сотрудников Управления местной полицейской службы ДП СКО. В игровой форме они рассказали нашим воспитанникам о правилах дорожного движения, важности внимательности и безопасного поведения на дороге. Дети активно отвечали на вопросы, примеряли полицейскую фуражку и с интересом осматривали служебную машину.
Огромную благодарность выражаем:
- старшему инспектору по особым поручениям УМПС ДП СКО майору полиции Жамукову А.Е.,
- инспектору службы батальона ДП по СКО Коржубаеву Ж.А.,
- капитану полиции Саутпековой А.Е.
за интересную, познавательную и важную встречу!
Также наши воспитанники представили инновационный подход к изучению ПДД — рассказали о помощниках-роботах, собранных на платформах EVI-3 и МВООТ, которыми они управляют с помощью пульта или планшета. Эти роботы передвигаются по улицам созданного детьми «города», помогая закрепить правила дорожного движения в игровой форме.
Кроме того, дети с удовольствием продемонстрировали свои знания с помощью электронно-цифровой игры в приложении ActivInspire.
Мы учимся играя — это весело, современно и очень полезно! Спасибо сотрудникам ГБДД за полезную встречу и заботу о наших маленьких пешеходах!






