- Сіз мындасыз:
-
Басты бет
- Блог категории
Блог категории
Алматы қаласында бүгін Дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресі басталуда. Елімізде бұл салада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен нормативтік-құқықтық базаны дамыту, балаларды тең әрі сапалы білім берумен қамту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді
В Алматы сегодня стартует Всемирный конгресс по инклюзивному образованию. В нашей стране в этой сфере по инициативе Президента Касым-Жомарта Токаева были проведены масштабные работы по развитию нормативно-правовой базы и обеспечению равного и качественного образования для детей

Бүгін Петропавл қаласындағы «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы” МКҚК «Мектепке дейінгі ұйымды басқарудағы инновациялық технологиялар: жасанды интеллект тиімділік құралы ретінде» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинардың модераторы – Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының Әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының (ӘЖжАТО) жетекшісі Сәркен Роза Сәкенқызы болды. Оның кәсіби басшылығымен іс-шара жоғары деңгейде – мазмұнды, серпінді және шабытты түрде өтті. Қатысушылар – педагогтар, әдіскерлер, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен IT-сарапшылар – басқаруда, білім беруде және балалардың дамуында жасанды интеллектіні қолдану мәселелерін талқылады. Техникалық ғылымдар кандидаты, AI және IT саласының сарапшысы, Level UP () компаниясының бас директоры Алексей Викторович Деревянкиннің шеберлік сабағы ерекше қызығушылық тудырды. Ол жасанды интеллект технологияларын күнделікті міндеттерден бастап мектепке дейінгі ұйымды стратегиялық басқаруға дейін қалай енгізуге болатынын көрнекі түрде көрсетті. Семинардың жарқын қорытындысы ретінде ашық микрофон сессиясы өтті, оған Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Уалиев Данияр Серікұлы және Алексей Викторович Деревянкин қатысты. Сарапшылар цифрлық этика, жаңа технологиялық жағдайда педагог пен ата-ананың өзара әрекеттестігі, сондай-ақ білім берудегі инновациялар мен гуманизм арасындағы теңгерім тақырыптарын талқылады. Семинар тәжірибе алмасу, шабыт алу және кәсіби өсу алаңына айналды. Педагогтар жасанды интеллектінің мүмкіндіктері туралы тек естіп қана қоймай, оны бүгінгі күннің өзінде тәжірибеде қалай қолдануға болатынын көрді! Сегодня в ГККП «Ясли-сад «Балдәурен» г. Петропавловска прошёл областной семинар «Инновационные технологии в управлении ДО: искусственный интеллект как инструмент эффективности» Модератором семинара выступила Сәркен Роза Сакеновна, руководитель Центра методической работы и информационных технологий (ЦМРиТО) Управления образования СКО. Под её чутким и профессиональным руководством мероприятие прошло на высоком уровне — динамично, содержательно и вдохновляюще! Участники — педагоги, методисты, руководители дошкольных организаций и IT-эксперты — обсуждали, как использовать искусственный интеллект в управлении, образовании и развитии детей. Особое внимание вызвал мастер-класс Алексея Викторовича Деревянкина, кандидата технических наук, эксперта в области AI и IT, CEO компании Level UP (). Он наглядно показал, как технологии ИИ можно внедрять от повседневных задач до стратегического управления в дошкольной организации. Ярким финалом стал открытый микрофон с участием Уалиева Данияра Сериковича, директора Назарбаев Интеллектуальной школы г. Усть-Каменогорска, и Алексея Викторовича Деревянкина. Эксперты обсудили важные темы - цифровую этику, взаимодействие педагога и родителя в новой технологичной реальности, а также баланс между инновациями и гуманностью в образовании. Семинар стал площадкой обмена опытом, вдохновения и профессионального роста. Педагоги не просто услышали о возможностях искусственного интеллекта — они увидели, как его можно использовать на практике уже сегодня!
12 қыркүйек күні балабақшамызда Отбасы күніне арналған «Махаббат мекен еткен үй» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күн ата-ана мен балаға ортақ қуаныш сыйлаған, бірлікті арттырған ерекше мереке болды.
Іс-шара барысында түрлі шығармашылық шеберханалар мен ойындар өткізілді:
1. «Отбасылық тарих альбомын» жасау бұрышына «Көгершін» тобының ата-аналары мен балалар альбом жасап пікірлерімен бөлісті. Қатысқан ата-аналар:
– Нурушева Асыл Нурхановна
– Қозыбаева Айнур Берікқызы
2. «Балалық шақтың дәмі» шеберханасына «Күн шуақ» тобының ата-аналары тәтті тағам дайындап балаларға қуаныш сыйлады. Қатысқан ата-аналар:
– Калачик Елена Сергеевна
– Игнатьева Кристина Александровна
3. «Отбасымның ертегілері» шеберханасында «Ер Төстік» тобының тәрбиеленушілері өз ойларынан ертегі құрастырып, соңында электронды нұсқада ертегі құрастырылды. Бұл шағын сахналық қойылым көремендерді ертегінің сыйқырлы әлеміне жетелеп, балалардың қыялымен шығармашылығын айқын көрсетті. Ата-аналарымызда өз үлесін қосты:
– Шукенова Алтын Сабырқызы
4. «Тату отбасы» ойын бөлімі барысында көңілді әрі қызықты жарыстар өтті.
– «Күзгі шляпалар дефилесіне» 11 топтың ата-аналары мен бүлдіршіндері қатысты:
• Игембаева Алия Ергалиевна – Алшын Асылжан
• Балаганова Назгуль Кайратовна – Дулат Аяжан
• Кайргалиева Асель Асылбековна – Ермек Мелек
• Касенова Айнакөз Тумырзаевна – Кемелханова Медина
• Қайнар Балғат Қанатұлы – Қанат Әміре
• Тастемір Салтанат Қайратқызы – Сеңгірбай Дара
– Ұлттық ойындар жәрмеңкесіне «Балбұлақ» тобының тәрбиеленушілері белсене қатысты.
5. Мерекенің ең ерекше сәттерінің бірі – «Әнші балапан» вокалдық конкурсы болды.
Кішкентай бүлдіршіндер әсем әндерімен көрермендерді қуантты.
Жүлделі орындарға ие болған балалар:
– Думан Алиасқар (12 топ) – «Қошақаным» әні 1 орын жүлдегері
– Шұғайып Даниал (12 топ) – «Тұлпарым» әні 2 орын жүлдегері
– Алшын Асылжан, Дулат Аяжан (11 топ) – «Кішкентай балапан» әні 3 орын жүлдегерлері
– Төрехан Алия, Төрехан Амина (9 топ) – «Айгөлек» әні
– Мұратбек Ақниет, Дулат Айша (8 топ) – «Балдаурен» әні
Әрбір өнерпаз өз өнерін паш етіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Сонымен қатар, конкурстардың әділ бағалануы үшін арнайы шақырылған қонақтар – әділ қазы мүшелері болды:
– Кашенцева Светлана Тимофеевна, Солтүстік Қазақстан облысы «Әйелдер күштері альянсының» төрайымы
– Сүлейменова Сауле Калкеновна, Солтүстік Қазақстан облысы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы
– Кривошеева Наталья Анатольевна, «Балалар үйі» КММ аға тәрбиешісі, «Әйелдер қауымдастық альянсы» - ның мүшесі
Олардың әділ бағасы мен жылы лебіздері балаларға ерекше шабыт сыйлады.
Бұл мереке отбасының маңызын тағы бір мәрте айқындап, ата-ана мен баланың арасындағы махаббат пен сыйластықты одан әрі нығайтты деген ойдамыз.
12 сентября в нашем детском саду состоялось праздничное мероприятие, посвящённое Дню семьи под названием «Махаббат мекен еткен үй».
Этот день стал особенным праздником, подарившим радость детям и родителям, укрепившим единство и семейные ценности.
В ходе мероприятия были организованы различные творческие мастерские и игры:
1. Создание «Альбома семейных историй».
В «уголке» работали родители и дети группы «Көгершін», оставившие свои пожелания и семейные воспоминания.
Участники:
– Нурушева Асыл Нурхановна
– Қозыбаева Айнур Берікқызы
2. Мастерская «Вкус детства».
Родители группы «Күн шуақ» вместе с детьми украшали сладости, даря радость воспитанникам.
Участники:
– Калачик Елена Сергеевна
– Игнатьева Кристина Александровна
3. Мастерская «Сказки моей семьи».
Воспитанники группы «Ер Төстік» вместе с родителями сочинили собственную сказку. Профессионализм учителя казахского языка помог сотворить чудо: электронную книгу авторской сказки.
Это небольшая постановка погрузила зрителей в волшебный мир сказки и показала фантазию и творческий талант детей.
Благодарим Шукенову Алтын Сабырқызы
4. Игровой блок «Дружная семья».
Для всех гостей были организованы весёлые и увлекательные конкурсы:
– «Дефиле осенних шляпок» (11 группа):
• Игембаева Алия Ергалиевна – Алшын Асылжан
• Балаганова Назгуль Кайратовна – Дулат Аяжан
• Кайргалиева Асель Асылбековна – Ермек Мелек
• Касенова Айнакөз Тумырзаевна – Кемелханова Медина
• Қайнар Балғат Қанатұлы – Қанат Әміре
• Тастемир Салтанат Қайратқызы – Сеңгірбай Дара
– «Ярмарка национальных игр» с участием воспитанников группы «Балбұлақ».
5. Особое место в программе занял вокальный конкурс «Певчий птенчик».
Маленькие артисты радовали зрителей своими песнями.
Победители и участники:
– Думан Алиасқар (12 группа) – песня «Қошақаным», лауреат I места
– Шұғайып Даниал (12 группа) – песня «Тұлпарым», лауреат II места
– Алшын Асылжан, Дулат Аяжан (11 группа) – песня «Кішкентай балапан», лауреаты III места
– Төрехан Алия, Төрехан Амина (9 группа) – песня «Айгөлек»
– Мұратбек Ақниет, Дулат Айша (8 группа ) – песня «Балдаурен»
Каждый ребёнок проявил своё мастерство и получил искренние аплодисменты зрителей.
Для объективного оценивания конкурсов были приглашены почётные гости – члены жюри:
– Кашенцева Светлана Тимофеевна – председатель Союза деловых женщин СКО
– Сулейменова Сауле Калкеновна – председатель Ассоциации деловых женщин СКО
– Кривошеева Наталья Анатольевна – старший воспитатель КГУ «Дом ребёнка», член Альянса женских сил СКО
Их справедливая оценка и добрые слова стали особым вдохновением для детей.
Этот праздник ещё раз подчеркнул важность семьи, укрепил любовь и взаимное уважение между родителями и детьми.
Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын жариялады. Негізгі басымдықтар — цифрлық трансформацияны жеделдету, Жасанды интеллект пен цифрлық даму министрлігін құру, сондай-ақ Цифрлық кодекс әзірлеу. Сыртқы саясат бөлігінде елдің халықаралық аренадағы беделін нығайту және жаһандық бастамаларға қатысу мәселелері қозғалды.
Президент ерекше назарды білім беру саласына аударды. Ол жасанды интеллектті оқытуды мектеп қабырғасынан бастау қажеттігін атап өтті. Президенттің Жолдауы білім беру жүйесі үшін де, мектепке дейінгі тәрбие саласындағы біз үшін де айрықша маңызға ие болды. Цифрлық трансформация бағыты мен Жасанды интеллект министрлігінің құрылуы еліміздің болашақты бүгіннен бастап дайындап жатқанын көрсетеді.
Әсіресе Президенттің жасанды интеллектті ерте жастан оқыту қажеттігін атап өткені маңызды. Егер мектептерде арнайы оқулықтар мен бағдарламалар жасалатын болса, біз, тәрбиешілер, ойын мен шығармашылық арқылы тәрбиеленушілерімізді жаңа білім әлеміне дайындау жолдарын ойластыруымыз керек.
Біздің «Балдәурен» балабақшасында шынайы STEM зертханасы жабдықталған. Біз мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетіне жасанды интеллект элементтері бар ойындық тәжірибелерді енгізуге тырысамыз. Оқытудағы жасанды интеллект баланың тілін, қиялын дамытады, заманауи технологиялармен қауіпсіз әрі саналы жұмыс істеуге үйретеді.
Жолдау бізге сенім береді: Қазақстан болашақ ұрпаққа басымдық беріп отыр, демек, мектепке дейінгі білім беру балаларды цифрлық қоғамдағы өмірге дайындаудың алғашқы сатысы болуы тиіс.
Сегодня Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев озвучил Послание народу. Главные акценты — ускорение цифровой трансформации, создание Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития, а также разработка Цифрового кодекса. Внешнеполитическая часть касалась укрепления позиций страны на международной арене и участия в глобальных инициативах.
Особое внимание Президент уделил образованию. Он подчеркнул, что изучение искусственного интеллекта должно начинаться со школьной скамьи. Послание Президента стало знаковым и для системы образования, и для нас, педагогов дошкольной сферы. Курс на цифровую трансформацию и создание Министерства искусственного интеллекта показывает: страна готовит будущее уже сегодня.
Особенно важно, что Президент отметил необходимость раннего изучения искусственного интеллекта. Если в школах будут разработаны специальные учебники и программы, то мы, воспитатели, должны подумать о том, как через игру и творчество подготовить наших воспитанников к этому новому миру знаний.
В нашем детском саду "Балдәурен" оборудована настоящая STEM лаборатория. Мы стараемся включать в деятельность дошкольников игровые практики с ИИ. ИИ в обучении развивает речь и воображение, учит работать с современными технологиями безопасно и осознанно.







