Бүгін Петропавл қаласындағы «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы” МКҚК «Мектепке дейінгі ұйымды басқарудағы инновациялық технологиялар: жасанды интеллект тиімділік құралы ретінде» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинардың модераторы – Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының Әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының (ӘЖжАТО) жетекшісі Сәркен Роза Сәкенқызы болды. Оның кәсіби басшылығымен іс-шара жоғары деңгейде – мазмұнды, серпінді және шабытты түрде өтті. Қатысушылар – педагогтар, әдіскерлер, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен IT-сарапшылар – басқаруда, білім беруде және балалардың дамуында жасанды интеллектіні қолдану мәселелерін талқылады. Техникалық ғылымдар кандидаты, AI және IT саласының сарапшысы, Level UP () компаниясының бас директоры Алексей Викторович Деревянкиннің шеберлік сабағы ерекше қызығушылық тудырды. Ол жасанды интеллект технологияларын күнделікті міндеттерден бастап мектепке дейінгі ұйымды стратегиялық басқаруға дейін қалай енгізуге болатынын көрнекі түрде көрсетті. Семинардың жарқын қорытындысы ретінде ашық микрофон сессиясы өтті, оған Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Уалиев Данияр Серікұлы және Алексей Викторович Деревянкин қатысты. Сарапшылар цифрлық этика, жаңа технологиялық жағдайда педагог пен ата-ананың өзара әрекеттестігі, сондай-ақ білім берудегі инновациялар мен гуманизм арасындағы теңгерім тақырыптарын талқылады. Семинар тәжірибе алмасу, шабыт алу және кәсіби өсу алаңына айналды. Педагогтар жасанды интеллектінің мүмкіндіктері туралы тек естіп қана қоймай, оны бүгінгі күннің өзінде тәжірибеде қалай қолдануға болатынын көрді! Сегодня в ГККП «Ясли-сад «Балдәурен» г. Петропавловска прошёл областной семинар «Инновационные технологии в управлении ДО: искусственный интеллект как инструмент эффективности» Модератором семинара выступила Сәркен Роза Сакеновна, руководитель Центра методической работы и информационных технологий (ЦМРиТО) Управления образования СКО. Под её чутким и профессиональным руководством мероприятие прошло на высоком уровне — динамично, содержательно и вдохновляюще! Участники — педагоги, методисты, руководители дошкольных организаций и IT-эксперты — обсуждали, как использовать искусственный интеллект в управлении, образовании и развитии детей. Особое внимание вызвал мастер-класс Алексея Викторовича Деревянкина, кандидата технических наук, эксперта в области AI и IT, CEO компании Level UP (). Он наглядно показал, как технологии ИИ можно внедрять от повседневных задач до стратегического управления в дошкольной организации. Ярким финалом стал открытый микрофон с участием Уалиева Данияра Сериковича, директора Назарбаев Интеллектуальной школы г. Усть-Каменогорска, и Алексея Викторовича Деревянкина. Эксперты обсудили важные темы - цифровую этику, взаимодействие педагога и родителя в новой технологичной реальности, а также баланс между инновациями и гуманностью в образовании. Семинар стал площадкой обмена опытом, вдохновения и профессионального роста. Педагоги не просто услышали о возможностях искусственного интеллекта — они увидели, как его можно использовать на практике уже сегодня!






