Қазақстан Республикасының ең маңызды мерекелерінің бірі – Республика күні. Бұл күн – халқымыздың мемлекеттілігін нығайтқан, егемендікке бастар тарихи жолдың бастауы. Республика күні – еліміздің тәуелсіздікке ұмтылысын, халықтың бірлігі мен еркіндік рухын айқындайтын ұлттық мереке. Осы күн қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманын – өз елінің тағдырын өзі шешу мүмкіндігін паш етті. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Қазіргі таңда Республика күні қарсаңында Балдәурен» бөбекжай-бақшасында көптеген іс-шаралар жүргізілді. Уақыт экологиясы «Бүлдіршіндер және жасыл дәстүр», «Уақыт арқылы саяхат» атты ертегіні тамашалады, спорттық ойындар «Көңілді старттар», шығармашылық жұмыстар, «Тәуелсіз елдің балалары» концерттік бағдарлама. Тәуелсіз елдің жас ұрпақтары жан – жақты білім алуға құқылы. Біздің тәрбиеленушілеріміз Абай атындағы қазақ мектеп гимназиясына және өрт сөндіру бөліміне саяхат жасап мамандар иелерімен танысып өтті. Мектепке деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан Бейбіт елдің болашағы – берік бірлікте! Еліміз өркендей берсін, Республика күні құтты болсын.






