Балабақшаларда «Ерте жастан кәсіпке және еңбекке баулу» пилоттық жобасы іске қосылады
Елімізде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту мақсатында 2025–2026 оқу жылында «Ерте жастан кәсіпке және еңбекке баулу» пилоттық жобасы іске қосылуда. Жобаға республика бойынша 100 мектепке дейінгі ұйым қатысады, оның ішінде 62 мемлекеттік және 38 жекеменшік балабақша бар. Бағдарлама 4 пен 5 жастағы балаларды қамтиды.
Жобаның мақсаты – балаларды еңбекке баулу, олардың бойында еңбекқорлық, жауапкершілік және табандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру. Сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызды бағыттарының бірі — еңбек пен түрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды үйрету.
Жоба мазмұны баланың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сай әзірленуде. Балалар күнделікті ойын және тәжірибелік іс-әрекет арқылы түрлі кәсіп түрлерімен танысады, қарапайым еңбек дағдыларын меңгереді.
Жоба аясында балалардың еңбекке деген қызығушылығы артады, ұжымдық жұмыс пен еңбек ету қабілеті дамиды, сондай-ақ болашақ кәсіби бағдардың алғашқы қадамы жасалады.
В детских садах разрабатывается пилотный проект «Приобщение к труду и профессиям с раннего возраста»
В целях обновления содержания дошкольного воспитания и обучения в 2025–2026 учебном году в стране запускается пилотный проект «Приобщение к труду и профессиям с раннего возраста». В нём примут участие 100 дошкольных организаций по всей республике, среди которых — 62 государственных и 38 частных детских садов. Программа рассчитана на детей в возрасте от 4 до 5 лет.
Цель проекта — приобщение детей к труду, формирование у них таких качеств, как трудолюбие, ответственность и настойчивость. Одним из важных направлений дошкольного воспитания и обучения является воспитание уважительного отношения к труду и представителям различных профессий.
Содержание проекта разработано с учётом возрастных особенностей и интересов детей. В ходе ежедневных игровых и практических занятий воспитанники будут знакомиться с различными профессиями и осваивать простейшие трудовые навыки.
Реализация проекта позволит повысить интерес детей к труду, развить умение работать в коллективе, а также станет первым шагом на пути к осознанному профессиональному выбору в будущем.







