Жалпыұлттық науқан аясында “Балдәурен” бөбекжай-бақшасы” МКҚК еңбек ұжымында Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын талқылауға арналған жиналыс өтті. Талқылаудың негізгі бағыттары: * еңбек кепілдіктері: қызметкерлердің құқықтық мәртебесін нығайту және азаматтардың мүдделерін қорғауда кәсіподақтардың рөлін күшейту; * әлеуметтік әділеттілік: мемлекеттің отбасын қолдау, білім беру мен денсаулық сақтаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін бекіту; * құқықтық қорғау: технологиялық даму жағдайында дербес деректер мен цифрлық құқықтарды қорғаудың жаңа конституциялық тетіктерін енгізу; * саяси жаңғырту: биліктің қоғам алдындағы есептілігін арттыруға бағытталған мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшу. Кездесу барысында қызметкерлерге әлеуметтік сала мен кәсіби қызметке қатысты негізгі түзетулер бойынша түсіндірмелер берілді. «Негізгі заңды талқылауға қатысу — әрбір қызметкерге еліміздің болашағы мен еңбек жағдайлары құрылатын құқықтық негізге өз үлесін қосуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті жиынға қатысушылар. В рамках общенациональной кампании в трудовом коллективе ГККП «Ясли-сад «Балдәурен» состоялось собрание, посвященное обсуждению проекта изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан. Основные акценты обсуждения: • трудовые гарантии: укрепление правового статуса работников и усиление роли профессиональных союзов в защите интересов граждан; • социальная справедливость: закрепление обязательств государства по поддержке семьи, доступности образования и здравоохранения; • правовая защита: внедрение новых конституционных механизмов защиты персональных данных и цифровых прав в условиях технологического развития.; • политическая модернизация: переход к новой модели государственного управления, направленной на повышение подотчетности власти перед обществом. В ходе встречи сотрудники получили разъяснения по ключевым поправкам, касающиеся социальной сферы и профессиональной деятельности. «Участие в обсуждении Основного закона — это возможность для каждого сотрудника повлиять на правовой фундамент, на котором будет строиться будущее нашей страны и условия нашего труда», — отметили участники






