Құрметті ата-аналар!
Біздің балабақша базасында 23.12.2024 жылдан бастап стоматолог-дәрігерлер бригадасының жұмысы ұйымдастырылады. Мамандар стоматологиялық аурулардың алдын алу және емдеу мақсатында тәрбиеленушілерде ауыз қуысының санациясын жүргізеді.
Ерте санация тіс жегісінің және басқа да стоматологиялық проблемалардың дамуын болдырмауға көмектеседі, бұл әсіресе сүт тістерінің денсаулығын сақтау үшін өте маңызды.
Сіздің балаңыздың осы процедураны алуы үшін белгіленген үлгідегі келісімге қол қою қажет. Келісім бланкісін сіздің топтың тәрбиешісінен немесе медициналық кабинеттен алуға болады.
Сізден медицина қызметкерлеріне қол қойылған Келісімді беруіңізді сұраймыз..
Балаларымыздың денсаулығына қамқорлық жасау-біздің ортақ міндетіміз!
Құрметпен, балабақша әкімшілігі
Уважаемые родители!
На базе нашего детского сада с 23.12.2024 года будет организована работа выездной бригады врачей-стоматологов. Специалисты проведут санацию полости рта у воспитанников с целью профилактики и лечения стоматологических заболеваний.
Ранняя санация помогает предотвратить развитие кариеса и других стоматологических проблем, что особенно важно для сохранения здоровья молочных зубов.
Для участия вашего ребенка в данной процедуре необходимо подписать согласие установленного образца. Бланк согласия можно получить у воспитателя вашей группы или в медицинском кабинете.
Просим вас предоставить подписанное согласие медицинским работникам..
Забота о здоровье наших детей – наша общая задача!
С уважением, администрация детского сада







