Құрмет күні!
Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде үлкендерімізбен мақтана білген. Ақ сақалы мен ақ шашты ананы қадірлегені соншалықты, ақ кигізге отырғызып, көтерген екен. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде зейнеткерлерімізге үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан - жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.
Еліміздің құрмет күні үшін жыл сайын қазан айының алғашқы күнінің орны ерекшке.
Бүгінгі күні «Балдәурен» бөбекжай-бақшасында құрмет күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Бақшада бірнеше жыл еңбек етіп, енді бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагерлеріміз қонақ болды.
Кештің құрметті қонақтарына арнап әсем әуендер шырқалып, игі тілектер айтылды.
Ардагерлеріміздің өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Ардақты да, асыл қазынамыз - көңілдеріне қаяу түсірмей, әрқашанда мерейлерін асқақтатып жүре берейік.






