Наурыз — қазақ мәдениетіндегі ең көне және ең әсем мереке.
Аққа аузы тиген, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды. Наурыз мерекесі жадыраған жазды қарсы алар көктемнің басы болғандықтан, оны қазақтар «Самарқанның көк тасы жібіген күн» деп те атайды. Бұл бүкіл табиғат ананың тоңы жібіп, жаны кіретін тіршілік басы дегенді білдіреді. Наурыз мерамын «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының ұжымы да тойлап өтті.
Ауа-райының соншалықты қолайлы болғандығына қарай далада бауырсақ пісіріліп, ұлттық ойындар, ұлттық рәсімдердің түрлері көрсетіліп өткізілді. Бұл іс-шараға әжелер мектебінен, аналар мектебінен, әкелер мектебінен қатысты.
Музыкалық әуенмен көңіл көтеріп би билеп, ән салынды.
Бүгінгі мерекеге өз үлестерін қосқан тәрбиеленушілерімізге, ата-аналарымызға, әжелерге және ұжымға үлкен алғысымызды айтамыз.






