Бүгін,яғни 24.09.2024ж Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп - гимназиясында бірыңғай ашық есік күні болды. "Балдәурен" бөбекжай балабақшасынан Рсаева Гульшат Удашкевна, Жакаева Алия Оразбаевна, Кабиева Айгерим Нургазыевна тәрбиешілер қатысты.
Бізді мектеп директоры Ш.М Нургожин бастаған ұжым жақсы қарсы алды. Ашық есік күні бағдарламасын директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі З.М.Шакенова бастауыш сыныппен таныстырды. Бізге өз оқушыларымен сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдерін көрсетті. Балалар барлығы белсенді қатысып, өз ойларын толық жеткізе білді.
"Мектепке дейінгі тәрбиешінің рөлі" атты пікірталас, "Балабақша тәжірибесіне негізделген 1- сынып оқушыларымен жұмыс істеу әдістері" тақырыбында шеберлік сынып жүргізді. Аталған тақырыптар мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастықты нығайту, күшейту, тәжірибе мен бөлісу мақсатында болды. Жақсы әсерлермен бөлісіп, ризашылық білдіріп жақсы көңіл күймен тарқадық.







